Малайзиялық INTI университеті Тиімді бағамен Еуропалық білім! Өз болашағыңды бүгіннен жоспарла!

Толығырақ ақпарат алу

Біз туралы

Малайзияға барып, инновациялық әдістемені,халықаралық командада жұмысты және жекедаму тәлім-тәрбиесін өз білім беру жүйесінде қолданатын INTI дәрісханаларының табалдырығын аттаған сәттен бастап, сіздердің халықаралық білімдеріңіз басталады.

Өздеріңіздің алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін, мансаптарыңыздың ең алғашқы сәтінен бастап, бүкіл әлемде оқып, оның артықшылықтарын өздеріңізге ала біліңіздер.

Болашақ сізге көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр. INTI - 130 кампусы бар және 80-нен аса аккредиттелген университетті қамтитын интернет желісінде жұмыс жасайтын, 29 елді қамтитын Laureate International Universities атты халықаралық университеттер желісінің мүшесі. Laureate жүйесіндегі мүшелер құрамы дегеніміз, INTI университетінің өзіндік артықшылықтарынан басқа да,жаһандық ресурстарға, алдыңғы қатарлы технологиялар мен тәжірибелерге, оқу әдістемесіне, халықаралық оқытушылар құрамына және де әлемдік деңгейдегі басқару құралдарына қол жеткізе аласыз деген сөз.

ЖОО туралы толығырақ білу

Малайзиямен таныс болыңыздар

Мәдениеті

Сіз біздің арнайы қонағымыз боласыз, және біз сізді Ораза Мейрамы мен Қытай халқының Жаңа Жылынан бастап, Дивали от-шашулар фестиваліне дейінгі жыл сайын Малайзияда ұйымдастырылатын мәдени іс-шараларға қатысуға шақырамыз. Малайзияның шығыс бөлігінде орналасқан Сабах және Саравак аудандары өздерінің жеке Хари Гаваи және Песта Кааматан секілді егіншілік мерекелерін тойлап отырады. Малайзиямен танысу сіздің мәдени және рухани біліміңізді кеңейтеді.

Малайзия тағамдары

Гурмандарға арналған жұмақ. Малаизияда тұратын әр-түрлі ұлт өкілдерінің аспаздық дәстүрлері бірігіп, тағамдар мен дәмдердің керемет калейдоскобын құрайды. Малайзияда жергілікті дәмханалар мен басқа да елдердің тағамдарының дәмін көріп рахаттана аласыз. Көптеген түрлі мейрамханалар, кафе мен дәмханалар және де жылдам тамақтану желісіндегі мейрамханалардың ішінен сіз өзіңізге жақын дәмді міндетті түрде табасыз.

Халқы

Сіз қай елден келсеңіз де, Малайзияда өзіңізді үйдегідей сезінесіз, өйткені бұл елде 29 миллионға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Малайлықтар, қытайлықтар, үндістер және басқа да көптеген халықтар бірігіп дәстүрлер мен мәдениеттің палитрасын құрайды. Елдің алуантүрлілігіне сол жерде білім алып жүрген және жұмыс істеп жүрген көптеген шетел азаматтары да әсер етеді. Біздің ана тіліміз – малай тілі, бірақ ағылшын, қытай және тамиль тілдері де кең қолданыста. Малайзияның әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі екендігі, және ол жердің мейірімділігі мен қонақжайлылығы студенттерімізге жақсы әсер қалдыруда.

Көбірек білу

Оқу бағдарламалары

2016 ЖЫЛДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОҚУ МЕРЗІМІ

ИНТИ-дің КАМПУСТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

2016 ЖЫЛДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
  • ИНТИ Халықаралық Колледж Субанг
    • Америкалық Университет Бағдарламалары
      - Актуарлық Ғылым
      - Биоғылым
      - Компьютер Ғылымы
      - Инженерия
      - Медицина және Қолданбалы Ғылым
      - Журналистика
      - Психология
      - Жазғы Курстар
    • Өнер және Дизайн
      - 3+0 БА(Үзд) Графикалық Дизайн, Шеффилд Халлам Университетімен бірлесіп, Ұлы Британия
      - 3,5+0 БА(Үзд) Интерьер Дизайны, Шеффилд Халлам Университетімен бірлесіп, Ұлы Британия
      - Өнер және Дизайн Сертификаты
      - Сән Дизайны бойынша Диплома
      - Графикалық Дизайн бойынша Диплома
      - Анимациялық Дизайнмен Интерактивті Мультимедиа бойынша Диплома
      - Интерьнр Дизайны бойынша Диплома
      - Дизайн Негіздері
    • Есеп және АТ
      - Компьютер Ғылымдарының Бакалавры (UOW бағдарлама)
      - Ақпараттық Технологиялар Бакалавры (UOW бағдарлама)
      - Бизнес Ақпараттық Технологиялар Негізі
    • Қонақ Үй Бизнесі
      - 3+0 Бизнес Бакалавры (Халықаралық Қонақ Үй және Басқару) Blue Mountains International Hotel Management School Australia
      - Қонақ Үй Ісі бойынша Сертификат
      - Аспаздық Өнер бойынша Диплома
      - Қонақ Үй Басқару бойынша Диплома
    • Инженерия
      - Машинажасау саласы бойынша Диплома
    • Бизнес
      - БА(Үзд) Бухгалтерлік Іс (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Бухгалтерлік Іс және Қаржы (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Бизнес Администрация(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Іс-шараларды Басқару және Маркетинг(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Қаржы (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА Коммерция , Вуллонгонг Университетімен бірлесіп(UOW), Австралия
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
      - Бизнес Үйрену бойынша Сертификат
      - 4+0 Бизнес Зерттеулер Ғылымының Бакалавры, Нью-Хемпшир Университетімен бірлесіп, АҚШ
      - Бизнес бойынша Диплома
      - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура, Ковэнтри Университеті, Ұлыбритания
    • ЖОО-нан кейінгі Білім
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура, Ковэнтри Университеті, Ұлыбритания
    • ЖОО-на дейінгі Бағдарламалар
      - Кэмбридж А-Деңгей (САL)
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
      - Дизайн Негіздері
    • Ағылшын Тілі Бағдарламалары
      - Ағылшын Тілін Жақсарту Бағдарламасы
    • Журналистика
      - БА(Үзд) Журналистика, Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - Журналистика бойынша Диплома
    • ИНТИ Кәсіби мамандарға арналған жұмыс істеу бағдарламасы
      - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура, Ковэнтри Университеті, Ұлыбритания
  • ИНТИ Халықаралық Колледж Куала Лумпур
    • Кәсіби мамандарға арналған жұмыс істеу бағдарламасы
      - БА(Үзд) Бухгалтерлік Іс және Қаржы (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания- Кешкі Бағдарламалар
      - БА(Үзд) Бизнес Администрация(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания – Кешкі Бағдарламалар
      - Бизнес бойынша Диплома –Кешкі Бағдарламалар - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрация бойынша Магистратура (MBA), ИНТИ Халықаралық Университетінен
      - Бизнес Администрация бойынша Магистратура (MBA), Сидней Бизнес Мектебі, Вуллонгонг
      Университеті (UOW), Аустралия
    • Есеп және АТ
      - Бизнес Администрация Негіздері
    • Бизнес
      - БА(Үзд) Бухгалтерлік Іс (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Бизнес Администрация(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Қаржы (3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
      - Бизнес Үйрену бойынша Сертификат
      - Бухгалтерлік Іс саласы бойынша Диплома
      - Бизнес бойынша Диплома
      - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Қаржы саласы бойынша Диплома
      - Маркетинг саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрация бойынша Магистратура (MBA), Сидней Бизнес Мектебі, Вуллонгонг Университеті (UOW), Аустралия
    • Ағылшын Тілі Бағдарламалары
      - Ағылшын Тілін Жақсарту Бағдарламасы
    • ЖОО-на дейінгі Бағдарламалар
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
    • ЖОО-нан кейінгі Білім
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура, Сидней Бизнес Мектебі, Вуллонгонг Университеті (UOW), Аустралия
  • ИНТИ Халықаралық Колледж Пенанг
    • Есеп және АТ
      - 3+0 Компьютер Ғылымдарының Бакалавры (Үзд), Ковэнтри Университетімен бірлесіп
      - 3+0 Есеп саласы бойынша Бакалавр(Үзд), Ковэнтри Университетімен бірлесіп
      - Ақпараттық және Коммуникациялық Технологиялар саласындағы Диплома
      - Бизнес Ақпараттық Технологиялар Негізі
    • Америкалық Университет Бағдарламалары
      - Актуарлық Ғылым
      - Биоғылым
      - Бизнес
      - Компьютер Ғылымы
      - Инженерия
      - Медицина және Қолданбалы Ғылым
      - Журналистика
      - Психология
      - Жазғы Курстар
    • ЖОО-на дейінгі Бағдарламалар
      - Кэмбридж А-Деңгей (САL)
      - Жаңа Уэльс Жоғарғы Мектебінің Сертификаты (NSW, HSC)
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
    • Қонақ Үй Бизнесі
      - Аспаздық Өнер бойынша Диплома
      - Қонақ Үй Басқару саласы бойынша Диплома
    • Инженерия
      - 3+0 Электронды Техника және Электротехника саласы бойынша Техник Бакалавры, Ковэнтри Университетімен бірлесіп, ҰБ
      - Электронды Техника және Электротехника саласы бойынша Диплома
    • Бизнес
      - БА(Үзд) Бизнес Администрация(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА(Үзд) Іс-шараларды Басқару және Маркетинг(3+0) Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - БА Коммерция , Вуллонгонг Университетімен бірлесіп(UOW), Австралия
      - Жаңа Оңтүстік Уэльстің TAFE Жетілдірілген Бухгалтерлік Есеп бойынша Диплома
      - Ақпараттық Технологиялар Бизнесінің Негіздері
      - Бизнес Үйрену бойынша Сертификат
      - Бизнес бойынша Диплома
      - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Қаржы Саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура (MBA), ИНТИ Халықаралық Университетінен
    • Ағылшын Тілі Бағдарламалары
      - Ағылшын Тілін Жақсарту Бағдарламасы
    • ЖОО-нан кейінгі Білім
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратур Магистратура (MBA), ИНТИ Халықаралық Университетінен
    • Журналистика
      - БА(Үзд) Журналистика, Хартфордшир Университетімен бірлесіп, Ұлыбритания
      - Журналистика бойынша Диплома
    • ИНТИ Программы для работы специалистов
      - Бизнесті Басқаруды Икемді Оқыту саласы бойынша Диплома
      - Бизнес Администрации бойынша Магистратура(MBA), ИНТИ Халықаралық Университетінен

ИНТИ-де оқудың 10 себебі

  • 1. Әлемдік деңгейде танылған бағдарламалар

    INTI Малайзияның білім сапасы жөніндегі агенттігі пен Малайзияның Білім министрлігімен бекітілген 100-ге жуық оқу бағдарламаларын ұсынады. Болашақта жұмысқа орналасуға бағытталған, әр түрлі жетекші өндірістік одақтардың жетекшілерімен ұсынылған студенттерге арналған көптеген семинарлар мен жобалар, тәжірибе мен оқу бағдарламалары бар, соның арқасында сіз өзіңіз армандаған мамандыққа қол жеткізе аласыз.

  • 2. Өмір сүру мен оқудың қол жетімді бағасы

    Малайзияда тұрып және білім алу үшін аса қомақты қаражат керек емес. ИНТИ өзінің қол жетімді оқу бағасы мен таланты мен білімімен көзге түскен студенттерге арналған жеңілдіктерімен атақты.

  • 3. Ағылшын тілін үйрену бағдарламалары

    Қазіргі таңда ағылшын тілін білу іскерлік қарым-қатынас жасауға қажет. ИНТИ-дегі ағылшын тілін үйрету бағдарламалары сіздің болашақтағы еңбек жолыңызға және де жоғары білім алуда жетістіктерге жетуге, тілдік қабілеттерге ие болуға көмектеседі.

  • 4. Мәдениаралық орта

    ИНТИ-дегі жарқын оқу өмірі сіздің әр түрлі мәдениет, дін және дәстүрлермен танысуыңызға мүмкіндік жасайды. ИНТИ-де Сіз дәрісхананың ішінде де, дәрісханадан тыс та баға жетпес білімге қол жеткізе аласыз.

  • 5. Өмір сүру мен оқудың қол жетімді бағасы

    Малайзияда тұрып және білім алу үшін аса қомақты қаражат керек емес. ИНТИ өзінің қол жетімді оқу бағасы мен таланты мен білімімен көзге түскен студенттерге арналған жеңілдіктерімен атақты.

  • 6. ИНТИ-дің серіктес университеттері әлемдік деңгейдегі көптеген университеттермен ынтымақтасады

    INTI- дің Университет-серіктестері әлемдік деңгейдегі көптеген университеттермен ынтымақтасады және де шетелдік жоғарғы оқу орындарына ауысу мен қоса, шетелдік университеттердің дәрежесіне қол жеткізу мен қос дәрежелі бағдарламалардың шеңберінде қол жетімді бағаға сапалы білім ұсынады. Халықаралық қатынастар мен ИНТИ студенттері үшін арналған қызмет көрсету шетелдік студенттерді күтіп алу мен оларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты түрлі мәселелерге жетекшілік етеді. Біз, сіздің Малайзиядағы тұратын жеріңіз бен сіздің оқуыңыздың барынша ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін тырысамыз.

  • 7. Кампустардың ыңғайлы орналасуы

    ИНТИ-дің барлық 6 кампусы да дамыған, әлеуметтік, инфрақұрылымы бар аудандарда орналасқан. Жаһандық артықшылықтар ұсынатын білім. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1 миллионнан астам студенттерін біріктіретін, әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының желісі Laureate International Universities бір бөлігі бол. Кәсіби қызметке бағытталған осы жүйе мен оның бағдарламаларының көмегімен сіз әлемдік бірлестіктерден улкен тәжірибе алып және өзіңізге жаңа мүмкіндіктер аша аласыз.

  • 8. Қызыққа толы студенттік өмір

    ИНТИ тек сапалы білім беріп қана қоймай,сонымен қатар, белсенді студенттік өміріңіздің шеңберіндегі жеке дамуыңызға оңтайлы жағдайлар жасайтын әр түрлі қосымша бағдарламалар мен инфроқұрылымы дамыған кампустар ұсынады.

  • 9. Студенттерді қолдау қызметі

    Халықаралық қатынастар мен ИНТИ студенттері үшін арналған қызмет көрсету орталығы шетелдік студенттерді күтіп алу мен оларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты түрлі мәселелерге жетекшілік етеді. Біз, сіздің Малайзиядағы тұратын жеріңіз бен сіздің оқуыңыздың барынша ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін тырысамыз.

  • 10. Жаһандық артықшылықтар ұсынатын білім

    Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1 миллионнан астам студенттерін біріктіретін, әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының желісі Laureate International Universities бір бөлігі бол. Кәсіби қызметке бағытталған осы жүйе мен оның бағдарламаларының көмегімен сіз әлемдік бірлестіктерден улкен тәжірибе алып және өзіңізге жаңа мүмкіндіктер аша аласыз.

ОҚУДЫҢ ЖЕКЕ
ФОРМАСЫН
ӘЗІРЛЕУ

Бізбен кездесуге өтініш қалдырыңыз, біз сізге
ең жақсы бағдарламаларды таңдап береміз.

Оқудың қалай өтетіні туралы өзіңіз танысыңыз

Өтініш қалдырып, тегін консультация алыңыз

Бізбен кездесуге өтініш қалдырыңыз, сізге
сай келетін бағдарламаны тауып береміз

ИНТИ-дің серіктес ЖОО

– әлемнің жетекші оқу орындары сізге көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сен кез-келгеніне бара аласың!

Біздің шетел студенттеріміздің пікірлері

ДЖОСИНА БАЛЛУ, МАВРИКИЙ

Физиотерапия саласының үздік бакалавры.
Осыдан 3,5 жыл бұрын өз үйімнен жырақ , 5,6 мың шақырым жерде жалғыз қалғаным есімде. Мен INTI-ге алғаш келгенімде , барлық нәрседен қорқа беретінмін, өте мазасыз болатынмын, бірақ INTI-дің түсіндірме бағдарламаларының арқасында өз-өзіме сенімді бола бастадым, достар тауып , университетті терең зерттей түстім. INTI – нағыз сыр сандық, есігін ашқан сайын жаңа нәрселерді біліп отырасыз. INTI-де білім алу сіздің жарқын болашағыңыздағы көптеген мүмкіндіктерге жол ашады, соның ішінде өзімнің жеке қасиеттерімді дамыту үшін де көптеген мүмкіндіктерді пайдаландым. Әрине, сабақ барысында көптеген қиыншылықтармен де кезігесіз, бірақ INTI кеңес беру орталығының жұмыскерлері әрдайым сізге көмектесуге дайын.

ОВАЙС АНВАР АЛИ, ПӘКІСТАН

Электрика және электроника 3+0 саласы, бакалавр дәрежесі, Брэдфорд Университеті, Біріккен Каррольдік.
Бір сөзбен айтқанда, өсіп дамудың үлкен мумкіндіктеріне қол жеткізу үшін, шетелде білім алу туралы шешімді өзім қабылдадым. Пенангта орналасқан INTI Халықаралық колледжі— мәдениетаралық ортамен танысуға және білім алуға ең керемет жер. INTI-де білім алу бір жағынан қиындау, екінші жағынан өте қызықты, әр студентке жеке көңіл бөледі. Бұл жақта сенің қай елден келгенің маңызды емес, адамдармен тез достасып, өзіңді үйдегідей сезінесің. Пенанг шын мәнінде өзінің көптеген көз тартарлық көне ғимараттары мен жағажайларының сұлулығымен, сонымен қатар университетте белең алған тату ортамен, керемет өнер ордасымен көзге түседі . Пенангтағы ең керемет жер— бұл Джорджтаун. Бірақ, көзбен көргенге ешнәрсе жетпейді, сондықтан Пенангқа келіңіз!

ТОМОЕ СУДЗУКИ, ЖАПОНИЯ

Маркетинг 3+0 саласының үздік бакалавр дәрежесі, Хартфордшир Университеті, Біріккен Корольдік.
Мен осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерім үшін, жинаған тәжірибем үшін алғысым шексіз, INTI-де оқығаным үшін мақтанамын. INTI-де білім алып жүрген уақыттың ішінде көптеген маңызды жағдайлар болды. Мысалы, мен көптеген жобаларға қатыстым, және тапсырмаларды орындау барысында көптеген қиыншылықтармен күресе білдім. INTI-ден алған білімімнің барлығы өзімнің жеке өсуіме көп көмегін тигізді. Сонымен қоса, жоғары білікті мамандар әрқашан көмектесуге дайын тұратын, сондықтан оқу маған оңайға түсті.

БАХАА АЛИ ХУСЕЙН, ИРАК

Азаматтық құрылыс саласындағы үздік бакалавр дәрежесі.
INTI-де білім алудың арқасында мен өте қатты өзгердім. Оқу барысында мен тек оқу құралдарынан ғана емес, сонымен қатар, көмектесуге әрқашан дайын тұратын курстастарымнан және мұғалімдерден де білім алдым. Мен өз уақытымды басқаруға, сабақ пен қосымша тапсырмаларымды қатар алып жүруді үйрендім. Мұның барлығы азаматтық құрылыс факультетінде өз ықтималымды көрсетуге көп көмегін тигізді.

САУЛЕ БАКАМБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН

Бухгалтерлік есеп 3+0 саласының Үздік диплом иегері, Хартфордшир Университеі, Біріккен Корольдік.
INTI-де оқыған өте қызықты. Мен қазір, қиындықтармен қалай күресуге болатынын, қалай шешім қабылдау керек екенін, өз-өзімді еркін ұстауды үйрендім. Менің сабақтарым Dell, IBM және Google секілді әлемдік деңгейдегі компаниялардың басшыларымен, директорларымен араласуға, сонымен қатар тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Маған бұл кездесулер көп көмегін тигізді, өйткені олардың қатысушылары өздерінің қалай жетістікке жеткендерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

ЮЛИЯ ТЕН, ӨЗБЕКСТАН

Іскерлік ұйымдастыру саласының магистрі.
INTI — өз талантын дамытамын деген студент үшін ең жақсы университет. INTI сонымен қатар, тек білім берумен ғана шектелмей, жеке қырларың мен шығармашылық бастауларды дамытатындығы үшін де мықты университет. Ал бұл нәрсе, бизнес факультетінің студенттері үшін өте маңызды. Одан бөлек, алға қойған мақсатымызға жетіп, жоспарымызды жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасалынған. Ең маңыздысы, болашақта іскерлік қызметіміздегі кездесетін көптеген қиындықтарды жеңіп шыға алатын дайындық алып шықтық. INTI –де студенттерге көмектесуге әрқашан дайын тұратын тәжірибелі мұғалімдер жұмыс жасайды.

ИВАНА ЧЖОУ, ИНДОНЕЗИЯ

Америкалық дәрежеге аудару бағдарламасы.
INTI-де мен көп нәрсе үйрендім. Университеттің ұйымдары мен үйірмелері менің болашақ мансабыма қажетті дағдыларымды дамытуға көмектесті. Мен сабағым мен қоса қоғамдық өмірімді қатар алып жүруді үйрендім. Студенттік жиындар мен үшін бір қуаныш болатын. Таңқаларлық жайт, мен өз қоғамдық өміріме шектеу қоймай-ақ емтихандарымды үздік тапсырып шықтым. Путра-Нилайдың асханасы әр-түрлі, әрі бағасы да қол жетімді. Бұл жерде өмір сүру мүлдем арзан.

ВАЛЕРИЙ ПОЛУБАБКИН, ҚЫРҒЫЗСТАН

INTI Ұйымдастыру ісінің магистрі.
Мен Малайзияға бір жыл бұрын келгенмін. Мен сапалы білім алып, достар тауып және басқа елдің мәдениетімен танысқым келді. Бұл үшін INTI ең жақсы университет екеніне 100 % сенімдімін. Әр күн сайын университет қабырғасында әр түрлі қызықты нәрселер болып жатады, үнемі жаңа адамдармен танысып жүремін. Маған Халықаралық Студенттер Одағының әр семестр сайын ұйымдастырып отыратын аралдарға, жағажайға саяхаттары, тіпті өзге елдерге саяхат ұйымдастырғандары ұнайды.

INTI – дегі өмір

INTI-дегі өмір туралы толығырақ білу

Біздің университетіміздің 3 D турын көріңіз